in

Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыс чемпионаты өтті

Түркістан облысы Жетісай қаласындағы Б.Саттарханов атындағы орталық спорт кешенінде Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне орай пара жеңіл атлетика мен пара үстел теннисінен Түркістан облысының чемпионаты  өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жарыс облыс көлеміндегі пара спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайта отырып, облыстық құрамаға талантты спортшыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылған.

Чемпионатқа Түркістан, Кентау қалалары мен Бәйдібек, Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал және Жетісай аудандарынан 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысты.

Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының арнайы медальдарымен және дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарына ие болды.