Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Виктория Графеева бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда. Былғары қолғап шебері алғашқы кездесуінде Жапония өкілі Аяка Тагучимен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Виктория Графеева келесі кезеңге өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін) және Әнел Сақыш (54 келіге дейін) келесі кезеңге өткен болатын.
