in

Нұрсұлтан Есімбай Көшпенділер ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты.

Таяқ тартудан (маст-рестлинг) 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы Нұрсұлтан Есімбай үшінші орын иеленді.

Осылайша, отандасымыз жарыстың қола жүлдегері атанып, Қазақстан құрамасына кезекті медальді сыйлады.

Таяқ тарту – екі спортшының арнайы үстелде отырып, таяқты өз жағына қарай тарту арқылы күш сынасатын ұлттық спорт түрлерінің бірі. Бұл сайыста спортшыдан күшпен қатар, шапшаңдық, төзімділік пен дұрыс тактика талап етіледі.

Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың бірнеше түрінен ел намысын қорғап жатыр.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарын екі алтынмен бастағаны туралы жазған едік.

«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты

Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?

«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді

Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды

«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс