in

Қазақстандық туристер үшін қауіпсіз бағыттар аталды

Қай бағыттар қазақстандық туристер үшін қауіпсіз саналады? Бұл сұраққа ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Сенат кулуарында жауап берді.  

Оның айтуынша, қазір әлемнің түрлі елдерінен туристерге қатысты әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат түсіп жатыр. Сондықтан нақты бір елді қауіпсіз деп атау қиын.

Бұл сұраққа қазір нақты жауап беру өте қиын. Себебі әр елден туристерге қатысты түрлі жағдайлар туралы ақпарат келіп жатыр. Дегенмен қазіргі таңда Оңтүстік-Шығыс Азия елдері біздің туристер үшін салыстырмалы түрде қолайлы бағыт болуы мүмкін, – деді Арман Исетов.

Сондай-ақ ол Таяу Шығыс өңіріндегі жағдайға да тоқталды. Министрлік бұл аймақтағы тұрақсыз ахуалға байланысты қазақстандықтарға бармауға кеңес береді.

Қазіргі таңда Таяу Шығыс аймағы қақтығыс аймағында тұр. Сондықтан бұл өңірге бармауға кеңес береміз, – деп ескертті вице-министр.

Сондықтан демалыс жоспарлаған кезде тек бағытты емес, елдегі қауіпсіздік жағдайын және ресми органдардың ұсынымдарын да ескерген жөн.

Қай елге бару қауіпсіз екенін қайдан білеміз?

Мамандардың айтуынша, шетелге шығуды жоспарлаған кезде ең алдымен ресми ақпарат көздеріне сүйену керек. Атап айтқанда, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жариялайтын ескертулер мен ұсынымдарды тексеру маңызды. Сонымен қатар баратын елдегі саяси жағдайды, қауіпсіздік деңгейін, туристерге қатысты соңғы жаңалықтарды алдын ала қарап шыққан жөн.

Бұдан бөлек, елшіліктердің ресми сайттары мен халықаралық ұйымдардың қауіпсіздік рейтингтері де бағыт таңдауға көмектеседі. Ең бастысы – демалысты жоспарлағанда тек баға мен қолайлылыққа емес, жеке қауіпсіздікке басымдық беру қажет.

Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды

Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?

140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?

«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады

Ван Дейкті сан соқтырған футболшы: «Шахтердің» жаңа бас бапкері жайлы не білеміз?