in

АҚШ-та жас әкелер клубы пайда болды

Нью-Йоркте жас әкелердің Brooklyn Stroll Club атты қауымдастығы танымал бола бастады. The New York Times басылымының мәліметінше, қауымдастық мүшелері бірге серуендеп, балалардың тамақтануы мен ұйқысы туралы сөйлесіп, пікірлес адамдарды табады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Brooklyn Stroll Club қауымдастығының негізін қалаушы – 32 жастағы креатив агенттікте жұмыс істейтін продюсер және 10 айлық Солдың әкесі Джо Гонсалес. Оның айтуынша, әкелерге арналған мұндай қауымдастықты құру идеясы бала тәрбиелеп отырған дос табуға тырысқан сәтсіз әрекеттерінен кейін туындаған.

Аналар мұндай рөлді бұрыннан-ақ өз мойнына алған – олар қауымдастық құруды тамаша меңгерген. Ал менде Нью-Йоркте бала тәрбиелеп отырған ер адамдардан таныс жоқ еді, сондықтан осы қауымдастықты құру туралы шешім қабылдадым, – деді ол.