in

Газа секторында бір тәулікте 66 адам қаза тапты

Соңғы бір тәулікте Газа секторында Израильдің соққылары салдарынан кем дегенде 66 адам қаза тапты . Бұл туралы палестиналық анклавтың Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды .

Соңғы 24 сағат ішінде Газа секторындағы ауруханаларға 68 адамның мәйіті жеткізілді, олардың екеуі бұрын қаза тапқан және үйінді астынан енді ғана табылған. Сондай-ақ 182 адам жарақат алды, – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Ведомствоның мәліметінше, Израиль 18 наурызда әскери әрекеттерді қайта бастағалы бері Газа секторында 5 139 адам қаза тауып , жараланғандардың саны 16 882-ге жеткен.

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль шабуылынан құрбан болғандардың жалпы саны – 55 432 адам , жараланғандар саны – 128 923 , – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 18 наурызда Израиль армиясы Газа секторында әскери әрекеттерді қайта бастады. Бұл соққылар қаңтар айында енгізілген атысты тоқтату режимін бұзды.