in

Франция, Германия мен Ұлыбритания мұсылман елдеріне айналуы мүмкін

Соңғы ондаған жылдарда Еуропа елдері – әсіресе Франция, Германия және Ұлыбритания – Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Оңтүстік Азиядан келген мигранттар есебінен елеулі демографиялық және мәдени өзгеріске ұшырады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Миграция тарихы мен себептері:

1980-2000 жылдары бұл елдерге Иран, Ирак, Ауғанстан, Сомали сияқты соғыс аймақтарынан босқындар келді. 2015 жылы Еуропаға 1 миллионнан астам босқын келген, олардың басым бөлігі – мұсылмандар.

Қазіргі жағдай

Ел

Мұсылман халқы

Орта жасы

Туу көрсеткіші (бала/әйел)

Франция

5,7-6 млн (8-10%)

32 жас

2,6-3

Германия

5,3-5,6 млн (6,4-6,7%)

31 жас

2,5-3

Ұлыбритания

3,9 млн (6%)

28 жас

2,9

Болашақ болжамдар (Pew Research Center, 2017)

Егер қазіргі туу деңгейі мен көші-қон сақталса, 2050 жылға қарай мұсылмандардың үлесі айтарлықтай өседі:

Ал ірі қалаларда мұсылмандар 40-50%-ға дейін жетуі мүмкін. Марсель, Берлин, Бирмингем сияқты қалаларда мұсылман халқы басымдыққа 2050 жылға дейін-ақ жетуі ықтимал.

Мешіттердің саны да артып келеді:

Ұзақмерзімді болжам:

Егер миграция мен туу деңгейі жоғары болып қала берсе, Франция 2070-2080 жылдары мұсылманы басым елге айналуы мүмкін. Германия мен Ұлыбритания бұл көрсеткішке 2090-2100 жылдары жетеді деп болжануда.

Дегенмен екінші буындағы мұсылмандар арасында туу көрсеткіші төмендеуде (2-2,2 бала), ал 2015 жылғы миграциялық дағдарыстан кейін бұл елдер көші-қонға қатаң шектеулер енгізген.

Бұған дейін Үрімшідегі ең көне мешіт жайлы жазған едік.