in

Қазақстан әнұраны неге халықаралық жарыстарда жиі шатастырылады?

Бүгін Таиландтың Бангкок қаласында су спорт түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан әйелдер құрамасы Жапония командасына қарсы ойын өткізді.

Командаларды таныстыру рәсімі кезінде техникалық ақауға байланысты Қазақстанның мемлекеттік гимні қойылмай қалды. Уотерполошы қыздар тосылмай, әнұранды соңына дейін шырқады. 

Қыздар тосылған жоқ

Біз бұл жағдай бойынша бірден ұйымдастыру комитетіне жүгіндік. Ұйымдастырушылар орын алған техникалық ақау үшін шынайы кешірім сұрап, мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынына сендірді.Айта кету керек, жарыстың алғашқы күні болғандықтан, мұндай техникалық ақаулар кейде кездесіп жатады, – деді Су добынан ұлттық құрама командасының басшысы Назира Шагирова. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от 𝑯𝑶𝑴𝑬 𝑶𝑭 𝑸𝑨𝒁𝑨𝑸𝑺𝑻𝑨𝑵 𝑺𝑷𝑶𝑹𝑻𝑺 (@qaz_team_official)

Қыздар абдырамай, әнұранды соңына дейін орындады. 

Спортшыларымыз сабырлылық, бірлік және жоғары патриоттық рух танытып, Мемлекеттік гимнді акапелла орындады. Осындай сәттерде біздің команда әрдайым өз елінің әнұранын мақтанышпен орындауға дайын. Бұл оқиға спортшыларымыздың тек спорттағы шеберлігін ғана емес, отанға деген шексіз сүйіспеншілігі мен құрметін де айқын көрсетті, – Назира Шагирова.

Маманның айтуынша, мұндай жағдай бұрын да қайталанған. 

Бұл біздің команда үшін алғашқы жағдай емес. Бұған дейін, 2019 жылы Үндістанның Бангалор қаласында өткен 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы су добынан Азия чемпионатында Қазақстан мен Қытай құрамалары арасындағы матч алдында Мемлекеттік гимн сегізінші секундта техникалық ақауға байланысты тоқтап қалған болатын. Сол кезде де қыздарымыз еш абыржымай, әнұранды соңына дейін орындады, – дейді команда басшысы. 

Кешірім сұраумен шектеледі

Әлемдік додада мұндай жағдай бірнеше рет шырқалғанын білеміз. Мысалы, биыл Германияның Инцелль қаласында өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында  ұйымдастырушылар ескі әнұранды қойды. Алтын медаль алған Кристина Шумекова марапаттау рәсімін тоқтатпады. Қолын жүрегінен алмай, ескі гимнді тыңдап тұра берді. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от ADYRNA.KZ – Жаңалықтар (@adyrna.kz)

2024 жылы  Хатинохе (Жапония) қаласында конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында да осындай жағдай болды. Ерлер арасындағы масс-стартта топ жарған Виталий Щиголев марапаттау кезіндегі ескі әнұранға мән бермеген сыңайлы. Кейіннен осыған байланысты Қазақстан конькишілер одағы  ISU мен жарысты ұйымдастыру комитетіне хат жолдап, түсініктеме беруді сұрады. Жапонияның конькишілер федерациясы Қазақстан құрамасынан кешірім сұрады. 

Осындай жағдайдың жиі қайталануы туралы спорт сарапшысы Аян Төлегеннен сұрап көрдік. 

Кез келген әлемдік додаға барған мемлекеттік жаттықтырушы, жауапты маман спортшылар туралы мәліметті, жарыс туралы протоколды, соның ішінде әнұранды ұйымдастырушыға тапсырады. Тапсырмас бұрын тексереді. Өзім Бокс федерациясында жұмыс істегенімде әнұранды бірнеше рет қойып, дайындап барып, ұйымдастырушыға табыстаймынмын. Әсіресе, жасөспірімдер, жастар арасындағы жарыста осындай қателіктер жиі кездеседі. Меніңше, мұнда техникалық ақаудан бөлек, волонтерлер жұмыс істейтінін ескеру керек. Мысалы, кеше Джакартада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Өзбекстанның әнұранының орнына Қазақстандыкін қойды. Әлем чемпионатында да АҚШ-тың белгілі комменаторы матч бойы Өзбекстан құрамасы деудің орнына Қазақстан деп айтты. Спортта мұндай мысал көп деді, – сарапшы Аян Төлеген.

Сондай-ақ сарапшының айтуынша, әнұранға қатысты мәселеде түрлі спорт ұйымы атынан шағым түсіруге болады. Алайда көбінесе екі тарап та кешірім сұраумен шектеледі. 

Ұйымдастырушы тарап кешірім сұрап, енді қайталанбайтынын айтады. Кейде марапаттау рәсімін басынан бастап, қайтадан гимнді қойып береді. Жиналыстарда, жыл қорытындысы сияқты үлкен жиындарда ұйымдастырушылардың мұндай қателігі дұрыс емесі айтылып, кешірім сұрайды, – дейді Аян Төлеген. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Aisha bibi TEAM (@aishabibi_aquatics_club)

Демек, су спорты түрінен Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатындағы жағдайда байланысты ешкім жазаланбайды не айыппұл төлемейді. 

Халықаралық жарыстардың қолданыстағы регламентіне сәйкес, осындай техникалық ақаулар үшін ұйымдастырушыларға қандай да бір айыппұл немесе тәртіптік санкциялар қарастырылмаған, –дейді Су добынан ұлттық құрама командасының басшысы Назира Шагирова. 

Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы

Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?

ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?

Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?

Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд