in

Өміріңізді өзгерту керектігін аңғартатын бес белгі

Кейде аптаның қалай өткенін де аңғармай қаламыз. Жұмыс, үй, күнделікті күйбең тіршілік… Бәрі бір-біріне ұқсас. Өткен аптада есте қаларлық қандай оқиға болғанын еске түсірудің өзі қиын.

Психологтардың айтуынша, бұл – адам өмір сүрудің орнына күнделікті міндеттерін атқарып жүргенінің ғана белгісі болуы мүмкін. Маман мұны ғылыми зерттеудің қорытындысы емес, көп жылдық тәжірибесіне сүйенген бақылау ретінде бағалайды. Дегенмен бұл белгілердің көбі сізге де таныс болуы әбден мүмкін.

Өз өміріңмен емес, өзгенің қалауымен өмір сүру

Психологтың пікірінше, адам жеке мақсаты мен құндылығынан алыстап, өзгенің айтқанымен өмір сүре бастағанда, өмірдің мәнін жоғалтады. Мұндай кезде қуаныштың орнын қорқыныш, сенімнің орнын күмән басады.

Бұл бірден байқалмайды. Бірақ күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек әдеттерден көріне бастайды.

Уақыт жетпейді

Егер үнемі уақыт жетпейтінін сезініп, бір жұмыстан екіншісіне жүгіріп жүрсеңіз, бұл сіз үшін шын мәнінде маңызды емес істерге көп уақыт жұмсап жүргеніңіздің белгісі болуы мүмкін.

Уақыт – қайта орнына келмейтін ең қымбат ресурс. Ақша табуға болады, ал өткен уақыт қайтып келмейді.

Сондықтан өзіңізден «Маған неге үнемі уақыт жетпейді?» деп сұрап көріңіз. Көп жағдайда күн тәртібі өзгенің өтінішімен немесе әдетке айналған шаруалармен толып кетеді де, өзіңізге маңызды дүниелер кейінге қала береді. Оның үстіне бірнеше істі қатар атқаруға тырысу жағдайды тіпті ушықтыра түседі.

Жұмыста қажып жүресіз

Демалыс күнін тағатсыздана күтіп, жұма кешін аптаның ең жақсы сәті деп есептейсіз бе?

Онда жұмысыңыз сізге күш берудің орнына, керісінше, энергияңызды сарқып жатқан болуы мүмкін.

Күніне сегіз сағат айналысатын ісіңізден ләззат алмау – ойлануға себеп. Психологтың айтуынша, адам өз жұмысын маңызды деп қабылдағанда ғана одан әрі табыс, әрі қанағат сезімін алады.

Егер жұмыс мағынасыз міндетке айналған болса, болашақта мамандықты өзгерту туралы да ойлап көріңіз.

Армандарыңыз үнемі кейінге қала береді

Таңертең тұрып, күнделікті істерді атқарасыз, сол бір адамдармен араласасыз, кешке қайта ұйықтайсыз. Осылайша күндердің бір-бірінен еш айырмашылығы жоқтығын сезінесіз. Бұл – адамның ағысқа еріп кеткенінің белгісі.

Осындай кезде өзіңізге: «Менің арманым қай кезде жоғалды? Бұл қорқыныш па, әлде өзімді тыңдауды ұмыттым ба?» деген сұрақ қойған дұрыс.

Психологтар мұндайда өмірді кейінге қалдырмауға кеңес береді. Жаңа жерлерге барыңыз, көбірек серуендеңіз, спортпен айналысыңыз, жаңа білім меңгеріңіз немесе бұрыннан қызықтырған іске кірісіңіз.

Кеңес көп, әрекет аз

Пайдалы мақалаларды сақтап, мотивациялық видеолар көріп, түрлі кеңест оқисыз. Бірақ өміріңіз өзгермейді. Уақыт өте келе өзіңізді кінәлай бастайсыз.

Психологтың айтуынша, өзгеріс үлкен қадамнан емес, кішкентай әрекеттен басталады. Ең бастысы – бір орында тұрып қалмау.

Тағы бір маңызды кеңес – өмірден жағымсыз тұстарды ғана іздемеу керек. Үнемі негативке назар аудару адамның күш-қуатын алады. Ал жақсылықты байқап, қолда барға шүкіршілік ету – адамның ішкі ресурсын қалпына келтіруге көмектеседі.

Өзгені ойлап, өзіңізді ұмытасыз

Ішіңізден «жоқ» дегіңіз келсе де, сырттай үнемі «иә» деп жауап бересіз бе?

Барлығына ұнауға тырысу, үнемі өзгеге бейімделу уақыт өте келе адамның өзін-өзі бағалауына кері әсер етеді. Соның салдарынан адам өзінің шын мәнінде нені қалайтынын түсінбей қалады.

Сондықтан өзіңізден: «Мен өз қалауымды, өз қажеттілігімді қаншалықты құрметтеймін?» деп сұрап көріңіз.

Психологтың пікірінше, толыққанды өмірдің бастауы – дәл осы сұрақтың жауабында жатыр.

Өмірдің мәнін қайта сезіну үшін не істеу керек?

Егер бұл айтылған белгілерді өзіңізден де байқасаңыз, абыржымаңыз. Ең бастысы – мәселені байқай білу. Бұл өзгеріске бастайтын алғашқы қадам.

Маман өмірді бір күнде түбегейлі өзгертуге тырыспай, оның орнына кішкентай қадамдардан бастауға кеңес береді:

Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы

Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?

ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?

Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?

Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд