Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінің екінші кезеңі туралы жазды.
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, «Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері жолаушылар тасымалының көлемі 11,5 миллионға жуықтады. Бұл көлік түрі қала тұрғындары арасында сұранысқа ие болып, олардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналып келеді.
Бұған қоса елорданың көлік инфрақұрылымын ары қарай дамытуға бағытталған жобаның екінші кезеңін іске асыру жұмысын қатар жүріп жатыр.
Құрылыс жұмысы бірнеше бағыт бойынша жүріп жатыр. Қосшы қаласына қарай т іректерді, эстакадалық құрылымдар мен станцияларды салу бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 294 тірек (97%) орнатылып, 385 эстакадалық құрылым (73%) монтаждалды. 2026 жылдың соңына дейін №401, 402 және 403 станцияларда бетондау жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл бағытта барлығы үш станция салу көзделген, – деді Астана қаласының әкімі.
Қазір Қосшы қаласына қарай, Жағалау шағынауданы мен «Астана-1» теміржол вокзалына қарай құрылыс жұмысы жүріп жатыр.
Жағалау шағынауданына қарай ж оба аясында сегіз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды. Қазіргі уақытта қоршаулар орнату, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысын бастау үшін инженерлік желілерді көшіру және қайта орнату жұмысы жүріп жатыр, – деді Жеңіс Қасымбек.
Қала әкімінің айтуынша, ескі вокзалға қарай тоғыз станция салынады.
«Астана-1» теміржол вокзалына қарай бағытта (оң жағалау) №201 ауысып міну станциясын есепке алғанда, тоғыз станция салу көзделген. Геологиялық зерттеу жұмысы аяқталды. Сығанақ даңғылының бойында (Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының арасындағы учаскеде) №201/301 станцияларының ауысып міну торабын салу жұмысы жүріп жатыр. Қазақ радиосы көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының арасындағы учаскеде екі тірекке бетон құю жұмысы аяқталды. Сондай-ақ қадалар мен арқалықтарды орнату жұмысы жүріп жатыр. Өзге учаскелерде алдағы құрылыс-монтаж жұмысына дайындық жүргізілуде, – деді қала әкімі.
Оған қоса елорда әкіміж Жеңіл рельсті көлік желісін дамыту елордамызда заманауи әрі қолайлы көлік жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
