Парижде 2026-2027 жылғы күз-қыс маусымына арналған Жоғары сән апталығы басталды. Дәстүр бойынша әлемдегі ең ықпалды сән үйлерінің бірі – Schiaparelli көрсетілімді бірінші болып ашты.
Биыл сәнсүйер қауымның назарын аударған топтама «The Abyss» («Тұңғиық») деп аталып, табиғаттың ең жұмбақ әрі зерттелмеген әлемі – теңіз түбінен шабыт алған ерекше туындыларымен есте қалды. Бұл туралы Bazaar басылымы жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dazed (@dazed)
Schiaparelli-дің креативті директоры Дэниел Розберри бұл жолы сәнді тек киім емес, өнер нысаны ретінде көрсетуге тырысқан. Коллекцияда теңіз маржандары, медузалар, қабыршақтар, су асты жәндіктерінің пішіндері мен құрылымдары заманауи кутюр техникасымен үйлестірілген. Нәтижесінде адамның денесін мүсінге айналдыратын қалыпталған силуэттер, жылтыр материалдар, ерекше текстуралар және футуристік бейнелер пайда болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dazed (@dazed)
Қолымнан ұстап, менімен бірге тұңғиықтың ғажайып әлеміне секіріңіз, – деп түйіндеді Розберри.
Айтуынша, жаңа топтама шығармашылықтағы белгісіздікке қадам басу идеясынан туған. Ол бұрынғы жетістіктерді қайталаудың орнына, өзін жаңа бағытқа итермелегенін айтып, коллекцияны «тұңғиықтың шақыруына жауап» деп сипаттады. Бұл идея сән тарихындағы сюрреализм бағытының негізін қалаған Эльза Скиапареллидің шығармашылық философиясымен үндеседі.
Подиумдағы жұлдыздар
Көрсетілімге әлемдік сән индустриясының ең танымал модельдері қатысты. Подиумда Карли Клосс, Анок Яй және Мона Тугаард жаңа топтаманы көпшілікке паш етті.
Ал алдыңғы қатарда кино, музыка және сән әлемінің жұлдыздары жиналды. Қонақтар арасында пуэрто-рикалық әнші Bad Bunny, «Оскар» иегері Мишель Йео, актер Эмма Коррин, әйгілі дизайнер Вера Ванг, стилист Лоу Роуч және блогер Кьяра Ферраньи болды.
Неліктен Haute Couture маңызды?
Жоғары сән апталығы – сән индустриясындағы ең беделді іс-шаралардың бірі. Мұнда ұсынылатын киімдер жаппай өндіріске арналмайды. Әрбір бұйым қолмен тігіліп, бірнеше апта немесе ай бойы дайындалады. Сондықтан Haute Couture сәннің ең жоғары шеберлігі мен қолөнер мәдениетінің символы саналады.
Биылғы Париждегі Haute Couture апталығы 6-9 шілде аралығында өтуде. Бағдарламада Dior, Chanel, Balenciaga, Jean Paul Gaultier, Fendi, Giorgio Armani Privé және басқа да атақты сән үйлерінің жаңа топтамалары көрсетілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Schiaparelli (@schiaparelli)
