Атақты жекпе-жек шебері, әлемге танылған қазақ перзенті Мұстафа Өзтүрік тің қызы Неслихан Өзтүрік әлеуметтік желідегі әсерлі жазбасымен көпшіліктің ықыласына бөленді. Ол әкесінен қалған аса құнды мұраның 22 жыл бойы аман сақталып келгенін айтып, ел жүрегін тебірентті.
Неслихан Өзтүріктің айтуынша, бірнеше апта бұрын ол арнайы сапармен Алматы қаласына келген. Сол сапар барысында ол әкесінің көзі тірісінде ерекше сенім артқан адамы – Қайыр Мейірбеков пен кездесуге мүмкіндік алған.
Неслиханның сөзінше, 2004 жылы оның әжесі Қайыр Сейсембекұлына Мұстафа Өзтүріктің шапаны мен төлқұжатын аманаттап тапсырған. Содан бері ол қос жәдігерді көзінің қарашығындай сақтап келген. 20 жылдан астам уақыт бойы жоғалтпай, бүлдірмей сақталған бұл заттар – жай ғана бұйым емес, тұтас бір тарихтың үнсіз куәсі.
22 жыл бойы ол бұл дүниелерді қазынадай сақтады. Сол үшін мен оған шын жүректен алғыс айтамын. Бұл – сөзбен жеткізу қиын сезім, – деп жазды Неслихан.
Кездесу барысында ол Қайыр Мейірбековтен әкесінің пальтосы мен төлқұжатын өзіне табыстауға дайын екенін сұраған. Алайда Неслихан бұл мұраны жеке меншігі ретінде сақтағысы келмейтінін ерекше атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Неслихан Өзтүрік Мұстафақызы (@neslihan_ozturk_mustafakyzy)
Мен оны өзім үшін сақтамаймын. Бұл жәдігерлерді халқымызға табыстағым келеді. Әкемнен қалған өзге де құнды естеліктермен бірге келесі ұрпаққа жеткізгім келеді. Олар осы мұрадан күш алсын, рух алсын, – деді ол.
Бұл сөздерден Неслиханның әке мұрасына деген құрметі мен тарихи жауапкершілігі анық байқалады. Оның айтуынша, Мұстафа Өзтүріктен қалған мұра бір отбасының ғана емес, бүкіл халықтың қазынасы.
Әкемнен қалған мұра маған тиесілі емес. Ол оның халқына – біздің халыққа тиесілі, – деп жазды Неслихан.
Неслихан алдағы уақытта бұл жәдігерлерді Қазақстан дағы мұражайлардың біріне тапсыруды жоспарлап отыр. Қызының басты мақсаты – аты аңызға айналған батыр тұлғалы әкесінің рухын сезінуіне, жас ұрпақтың тарихи тұлғадан шабыт алуына мүмкіндік жасау.
Бұл бастама қоғам тарапынан жоғары бағаланып жатыр. Көпшілік Неслихан Өзтүріктің әрекетін әке аманатына адалдықтың, ұлттық мұраға жанашырлықтың үлгісі деп қабылдады.
Мұстафа Өзтүрік – тек спорт әлеміндегі жұлдыз ғана емес, қазақ рухын әлемге танытқан тұлға. Сондықтан оның жеке заттарының өзі ел үшін тарихи құндылық саналады. Ал 22 жыл бойы көздің қарашығындай сақталған сол мұраның енді халыққа қайта оралуы – ел руханияты үшін маңызды жаңалық.
