in

Отандық дзюдошы Азия чемпионатында топ жарды

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. 81 келі салмақта ел намысын қорғаған 21 жастағы Әділет Алмат құрлық додасының жеңімпазы атанды. Ақтөбе облысының тумасы үшін бұл – ересектер деңгейіндегі үлкен серпіліс.

Финалда қазақстандық балуан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, тәжірибелі тәжікстандық Сомон Махмадбековпен кездесіп, сенімді белдесу өткізді. Әділет қарсыласына мүмкіндік қалдырмай, айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді.

Бір қызығы, бұл – Әділет Алматтың ересектер арасындағы небәрі екінші ірі жарысы. Соған қарамастан ол өз деңгейін көрсетіп, құрлық мықтыларының қатарынан көрінді. Бұған дейін жас спортшы Гран-при турнирінде топ жарған болатын.

Әділет дзюдоға 8 жасынан бастап бапкері Шайхин Аслан Жұмагелдинұлының жетекшілігімен келіп, содан бері өмірін осы спортпен байланыстырды. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атанып, үлкен спортқа дайын екенін дәлелдеген еді. Енді, міне, көп уақыт өтпей жатып, ересектер арасында да құрлықтың үздігі атанып, болашағынан зор үміт күттіретінін тағы бір мәрте көрсетті.

Айта кету керек, бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды

Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?

140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?

«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады

Ван Дейкті сан соқтырған футболшы: «Шахтердің» жаңа бас бапкері жайлы не білеміз?